Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Давид Лемьені жеңіп, канадалықтың Халықаралық бокс федерациясы (IBF) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына ие болды.
Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте қарағандылық боксшы қарсыласын сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
WBA (Super), IBO және WBC нұсқалары бойынша чемпион титулына ие 33 жастағы Головкин үшін бұл 34-ші жеңісі. Бұл оның қарсыласын 31-ші рет нокаутпен жеңуі. 34 рет жеңіске жеткен Лемье үшінші рет жеңілді, деп жазды РИА Новости.