АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар арасында шаршы алаңға соңғы болып шыққан Валентина Хальзова (69 келі) күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол финалда Қытай боксшысы Гу Хонгпен жұдырықтасып,өкінішке қарай қарсыласына жол берді.
Бұған дейін 64 келі салмақтағы Мадина Нұршаева ақтық сында қытайлық Ду Данды айқын басымдықпен ұтып, «алтын» иеленгенін хабарлаған болатынбыз.
Осылайша, әйелдер арасында өткен Азия біріншілігін Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 51 келіде Назым Қызайбай, 75 келіде Дариға Шәкімова, 81 келіде Мөлдір Базарбаева және ауыр салмақта ( 81) Ләззәт Күнгейбаева Қазақстан қоржынына қола медальдар салған болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.