Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз хабарламасында жазылған.
Еліміздің ұлттық құрамасындағы тағы 7 спортшы алдын ала жекпе-жек кезеңінің соңғы кездесуін жеңіспен аяқтады.
Бүгін, 5 шілде күні бәсекенің 1/4 сынында айқасты Теміртас Жүсіпов (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Берік Әбдірахманов (60 келі), Мерей Ақшалов (64 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) жалғастырады.
1 шілдеде Амман (Иордания) қаласында басталған бокстан Азия чемпионатына құрлықтың 27 мемлекетінен 163 спортшы өзара бақ сынасуда.
Жартылай финалдық жарыстар 7 шілде күні өтсе, 8 шілдеде құрлықтың ең мықты былғары қолғап шеберлері анықталатын болады.