Қазақстандық боксшылар Түркияда өтетін халықаралық турнирге қатысады

АЛМАТЫ. Наурыздың 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сәуірдің 6-12 аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында бокстан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Аталған турнирге Қазақстаннан ерлер мен әйелдер құрамасы қатысады. Ерлер құрамасында 51 килә салмақта Мирас Жақыпов, 60 киләда - Айдар Өмірзақов, 64 киләда - Әділет Егізеков, 69 киләда - Рустам Сваев, 75 киләда - Данабек Сужанов, 81 киләда - Алмат Серимов, 91 киләда - Василий Левит пен Иван Дычко өнер көрсетеді. Ал әйелдер құрамасында 46 киләда - Назым Қазибай, 48 киләда - Назгүл Боранбаева, 51 киләда - Әйгерім Асқарова, 54 киләда -Гүлжан Әкімова 57 кила салмақта - Королёва Оксан, 60 киләда - Гүлжан Уббаниязова, 64 киләда - Саида Хасенова , 69 киләда -Елена Кольцова,75 киләда - Дариға Шикимова, 81 киләда - Юлдуз Маматкулова бар. Турнир АИБА ережесі бойынша 11 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі.