Қазақстандық боксшылар WBC рейтингінде орындарын сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлады Sports.kz.

Рейтингте Қазақстан өкілдерінің орындары өзгерген жоқ.

Бекман Сойлыбаев екінші жартылай жеңіл салмақта 24-ші орында,   ал Иса Ақбербаев бірінші ауыр санатта 36-шы орында тұр.