Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің Украинада қоржыны медальға толды

АЛМАТЫ. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Украинаның Херсон қаласында бокстан Николай Мангерді еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"А" санатындағы бұл дүбірлі дода мамырдың 11-і күні өз жалауын көтерген болатын. Онда - астаналық Ильяс Сүлейменов (48 кг), оңтүстікқазақстандық Алмасбек Әлібеков (64 кг) пен Досжан Оспанов ( 91кг) және қарағандылық Алмат Серимов жеңімпаз атанды. Ал жамбылдық Ғани Жайлауов (60 кг) күміс жүлдегер атанса, алматылық Исмаил-Ахунов Хабибулла (51 кг), шығысқазақстандық Міржан Рахымжанов (54 кг) пен астаналық Думан Әлімов (87 кг) қола жүлдегер болды. Соның нәтижесінде аға бапкер Нұрғали Сафиуллин бастаған қазақстандықтар 10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасып, оның сегізінде медаль алды. Бұл жолы тек Манат Өмірзақов (69 кг) пен Хусан Байматовтың (75 кг) жолы болмады.