Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шараға ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының және бизнес қоғамдастығының 100-ден астам өкілдері қатысады. Оған атсалысатын қазақстандық делегацияны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова бастап барады», деді ресми өкіл.