Қазақстандық дзюдошы Ибраев Универсиаданың қола жүлдегері атанды
16:54, 23 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Рустам Ибраев Қытайдың Тайбэй қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиадада 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Sports.kz .
Рустам Ибраев күресті финалдың 1/16 кезеңінен бастады, алайда, жартылай финалда жапондық Таико Фуджисакеге жол берді. Үшінші орын үшін тартыста моңғол Мьягмардоржа Батгерелді жеңді.