Өзбекстанның Гимнастика федерациясынан хабарлағандай, жарыстарға Азияның 12 елінен, соның ішінде Бангладеш, Қазақстан, Катар, Қытай, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Сингапур, Сирия, Таиланд, Жапония және Өзбекстан елдерінен 150 спортшы қатысқалы отыр.
Гимнасшы қыздар ағымдағы жылы Сингапурде өтетін жастар арасындағы алғашқы Олимпиадалық ойындардың жолдамасы үшін таласатын болады.
Ташкент чемпионатына Қазақстанның атынан жеке жаттығуларда - Юлия Кизима, Юлия Семенова, Анастасия Материкина, ал топтық жаттығуларда Камилла Байбосынова, Айсұлу Маусұлханова, Жадыра Нұрышева, Кәмила Тәкеевалар өнер көрсетеді.
Чемпионаттың ресми ашылуы ақпанның 16-сында болады.