Астаналық спортшы шеңбермен жаттығуда 27,750 ұпай алып, күміс медальды қанжығалады. Жаттығудың бұл түрінде ресейлік гимнастшы Е.Қанаева 29,050 балмен бірінші орын алса, ресейлік спортшы Дарья Дмитриева 27,675 балмен үшінші орынды қанағат тұтты.
Секіргішпен жаттығуда қазақстандық спортшы бесінші орын алып (26,875), Нет Ривкин (Израиль), Алия Гараеву (Әзірбайжан), Сильвию Митева (Болгария) сияқты танымал гимнастшылардан озды.
Ал доппен жаттығуда Анна 23,600 балмен - тоғызыншы орынды, лентамен жаттығуда 26,575 балмен - жетінші орынды қанағат тұтты.
Көпсайыстың қорытындысы бойынша барлық тұғырға ресейліктер көтерілді. Олимпиада чемпионы Евгения Канева - бірінші, Дарья Кондакова - екінші, Дарья Дмитриева - үшінші орынды иеленді. Ал А.Алябьева көпсайыста алтыншы орынды қанағат тұтты.
Көркем гимнастика бойынша гран-при сериясының бесінші кезеңі мамырдың 14-16-сы аралығында Испанияның Марбелье қаласында өтті.