Қазақстандық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов жас шахматшылар үшін шеберлік сайысын өткізеді

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Танымал қазақстандық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттары қауымдастығының ұйымдастыруымен жас шахматшылармен шеберлік сайысын өткізеді, деп хабарлады қауымдастықтың баспасөз қызметінен.

Шеберлік сайысы сенбі күні, наурыздың 13-інде ҚР Тұңғыш Президентінің физикалық-математикалық бағыттағы «Өркен» зияткерлік мектебінің акт залында өтеді.

Атақты шахматшы, жастар арасындағы әлем чемпионы Дәурен Сәдуақасов шахмат әлеміндегі соңғы жаңалықтар, өзінің табыстарының сырлары және өзі жиі пайдаланатын шахмат комбинациялары туралы әңгімелеп береді. Соңынан шахмат клубы оқушыларымен бірнеше тақтада бір мезгілдегі сеанс ойынын өткізеді.