Бокс кеші Беларусьтің Борисов қаласында өтті. Жан Кособуцкий латвиялық Эдгарс Калнарспен қолғап түйістірді. Төрт раундқа жоспарланған кездесу басталмай жатып аяқталды. Кособуцкий қарсыласын бірінші раундтың басында-ақ сұлатып түсірді.
«Мен бірнеше жыл бойы рингке шықпадым. Бірінші кездесу былтыр жоспарланды. Рас, қарсыласым мені таңғалдыра алмады. Барлығы мен ойлағандай болды. Алдағы уақытта дәрежесі жоғары спортшылармен шығамын», - деді ол тілшілерге берген сұхбатында.
Қазақстан біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы, жазғы Универсиада ойындарының күміс жүлдегері Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін қазан айында өткізуі мүмкін. Оның қарсыласы әлі белгісіз.