Бірінші орынды «Хван-Ман-гым» спорттық клубы (Ташкент) жеңіп алса, үшінші орынды «Вечерний Бишкек» клубы қанағат тұтты.
Жарысқа Қазақстанның Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Тараз қалаларынан, Өзбекстанның Ташкент қаласынан, Политотдел кентінен, Қырғызстанның Бішкек, Тоқмақ қалаларынан және Түрікменстанның Ашхабад қаласынан 32 команда қатысты.
Ал ұл балалар арасында жеке біріншілікте Ықтияр Мұхамеджанов («Хван-Ман-Гым» клубы, Ташкент) бірінші орын алса, екінші орынды - Қайыржан Бөкешев («Жастар», Алматы), ал қола медальды - Жандос Арынов («Вечерний Бишкек») иеленді.
Қыздар арасында үш орынды да қазақстандық жас спортшылар иеленді: бірінші орынға - Ақбота Төлебергенова табан тіресе, екінші және үшінші орындарды қарағандылық Айя Келменбекова мен Татьяна Власовалар бөлісті.
Турнир Қырғыз Республикасы Үстел теннисі қауымдастығының және Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан елдері үстел теннисі федерацияларының қолдауымен және Қырғызстан жаттықтырушылары Азамат Таласбаев және Абувайид Усеров пен қазақстандық жаттықтырушылар Ирина Павленко мен Айман Оспанованың бастамашылығымен ұйымдастырылды.