Қазақстандық компаниялар мен халықтың басым бөлігі 2009 жылы ақпанда теңге девальвациясынан зардап шеккен жоқ

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандық компаниялар мен халықтың басым бөлігі 2009 жылы ақпанда теңге девальвациясынан зардап шеккен жоқ. Бұл туралы бүгін қазақстандық БАҚ-қа арналған брифинг барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.

«Девальвация жүргізу қарсаңында халықтың банктік кредиттерінің жалпы көлеміндегі теңгемен берешектері 64 пайызды құрады. Яғни, несиені теңгемен алғандар, ал бұл халықтың шамамен үштен екісі девальвациядан зардап шеккен жоқ», - деді Ұлттық банк басшысы.

Ресми мәліметтерге сәйкес, заңды тұлғалар кредиті құрылымында теңге займдары 53, ал валюта түрінде 48 пайызды құрайды. «Бұл ретте табыстары шетелдік валютамен түзілетін заңды тұлғалардың басым бөлігі, біздің экспорттаушылар және де заемшілерде әрине девальвациядан зардап шеккен жоқ», - деді Г.Марченко.

Оның атап өтуінше, экономиканың шынайы секторындағы кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесіне сәйкес тұрақты кәсіпорындардың басым бөлігі теңгенің шетелдік валютаға курсының өзгеруінен шаруашылық қызметтеріне ешқандай әсері болмағандығын көрсеткен.