Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомство басшысының баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қ.Жұмановтың атап көрсеткеніндей, Алматы облысының Ішкі істер департаменті Алдын-ала анықтау басқармасы 2009 жылғы шілденің 27-сі күні Е.Жовтистің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы, 2-ші бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы) қылмыстық іс қозғады.
«Жасалған химиялық-сот сараптамасы жәбірленуші Молдабаевтың қан құрамында алкогольдың болмағанын анықтады. Яғни ол мас болмаған», - деді ол.
Аталмыш оқиға бойынша бүгінде түрлі сот сараптамалары жүргізілуде. Олардың ішінде көлік оқиғасын болдырмау үшін Е.Жовтисте техникалық мүмкіндіктің болған-болмағанын анықтайтын көліктік-техникалық сараптама да бар.