Қазақстандық МӨЗ-дерді қайта жөндеу бензинге тапшылықты жояды - Н. Назарбаев

АТЫРАУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мұнай өңдеуші зауыттарды жөндеуден өткізсе, елдегі бензин тапшылығы жойылады, деп хабарлады бүгін Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Н. Назарбаев.

«Біздің елде бүгінде мұнайды қайта өңдеу шегі 68 пайызды, Ресейде - 72, АҚШ-та - 95 пайызды құрайды. АМӨЗ-де жөндеу жұмыстары жүргізілуде, басқа да зауыттар жаңғыртылу үстінде. Бұған қаражат бөлінген. Бұл жұмыстар бүгінде 30 пайызды құрап отырған бензинге тапшылықты жабуы тиіс», - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.