АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық пауэрлифтерші Гузаль Ергешева Канадада өткен аласа бойлы адамдарға арналған әлем чемпионатында «алтын» иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Өзінің жеңісі жайлы Гузаль Фейсбуктегі парақшасында жариялады.
«Жүзудегі дәрежем бойынша мен 25 м құлаштап жүзу және 50 м брасстан екінші орын алып, Испания құрамасымен 200 метрлік эстафетаның төртінші қатысушысы болғаныма қуаныштымын. Powerlifting-алтын!!!», - деген спортшы өз қуанышымен бөлісті.
Желі пайдаланушылары спортшыны құттықтап, алдағы уақытта жаңа жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.