деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сәуірдің 23-і күні жалауын көтерген бұл дүбірлі дода 4 жарыс түрі бойынша өтті. Қазақстан құрамасы «SPRINT», «HEAD TO HEAD» және «SLALOM» тәртібімен өткен 3 жарыста да үшінші орын алды. «DOWN RIVER RACE» сынына қатыспағанына қарамастан, чемпионаттың жалпы қорытындысында 10 команданың ішінен үздік үштікке енді. Онда 1-2 орынды ерлер арасында барлық жарыс түрінде индонезиялықтар жеңімпаз атанды. Олар биыл бірге өткізіп отырған Австралия және Азия чемпионаты жарысына 2 команда қосқан болатын. Рафтинг спорты бойынша биыл алғаш рет ел тарихында осындай жоғары дәрежеге қол жеткізген ұлттық құрама ұшақпен Әбу-Даби әуе рейсі бойынша ертең Алматы әуежайына табан тірейтін болады.