Оның канадалық әріптестерімен бірлесіп түсірген жұмысы «Хакер» деп аталады. Сатаевтың осы жолғы туындысы АҚШ-та, Канадада, БАӘ және Таиландта түсірілген. Фильмнің тұсауы Алматыда қала күні қарсаңында өтетін 11-ші халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде кесіледі, деп хабарлайды gakku.kz. Кино саласындағы маңызды дода 19 қыркүйекте басталады.