Қазақстандық шекарашы нысана көздеуден полицейлер арасындағы әлем чемпионатында «алтынды» ұтып алды

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашы Рашид Юнусметов нысана көздеуден полицейлер арасындағы әлем чемпионатында «алтынды» ұтып алды,

деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«Куәйтте өтіп жатқан нысана көздеуден полицейлер арасындағы әлем чемпионатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшісі - келісімшартпен қызмет етіп жатқан кіші сержант Рашид Юнусметов алтын медальды жеңіп алды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жарыстарға барлығы әлемнің 38 елінен келген спортшылар қатысуда.