Қазақстандық шекарашылар «Бішкек-Мәскеу» бағытындағы пойыздан 934 грамм героин тапты - ҚР ҰҚК

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасы 'Мерке т.ж.' шекаралық бақылау жасағы «Бішкек-Мәскеу» бағытындағы пойыздағы жасырын қоймадан жалпы салмағы 934 грамм болатын есірткі затының екі орамын тапты,

деп хабарлайды  ҚР ҰҚК  Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасы.

 Аталған факті бойынша Ресей Федерациясының 3 азаматы ұсталды. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.