Мамандардың бағалауынша, тәркіленген есірткі заттарының ең көп мөлшері Қазақстанға қырғыз тарапынан Тәжікстан арқылы Ауғанстаннан келеді.
«Қылмыскерлер герионді адам ойламайтын жерлерде сатады. Тәркіленген есірткінің 35 киләсы героин, екі киләсы анаша», - деді «Оңтүстік» аймақтық басқармасының бастығы Тұрғанбек Стамбеков.
Мысалға, жақында ғана Тараз шекара бөлімінің аумағында Қазақстанның басқа аймақтарына жіберу үшін дайындалған 900 киләдай марихуана тәркіленді. Есірткі сатушыларды ұстау операциясына қатысқандардың барлығы марапатқа ие болды, деп хабарлады «Оңтүстік» аймақтық басқармасынан.