Қазақстандық спортшы грек-рим күресінен өткен «Голден Гран-при» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды

ТАРАЗ. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Қазақстандық спортшы Марат Ғарипов Иранның Гом қаласында грек-рим күресінен өткен «Голден Гран-при» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Жамбыл облысының грек-рим күресі бойынша аға жаттықтырушысы Серік Қалдықұлов хабарлағандай, Қазақстан құрамасының мүшесі, жамбылдық атлет Марат Ғарипов 55 келіге дейінгі салмақ санатында күміс жүлдегер атанды.