Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыс 10-15 қараша аралығында Португалияның Порту қаласында өткен.
«Николай Земцов мүсіндік тарту мен соммада өзіне тең келер ешкім жоқ екенін дәлелдеді. Мүсіндік тартуда 326 келілік штанганы көтеріп, әлемдік рекорд жасады», - дейді спортшының бапкері ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Иван Прокопенко.
Әлем біріншілігінде Н. Земцов жүрелеп отырып көтеру кезеңінде 250, штангыны жатып алып сығымдап көтеруде 185, ал штангыны тарту кезеңінде 326 келіні еңсерген.