деп хабарлайды ҚазАқпарат.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы жұлқа көтеруден 170, ал серпе көтеруден 206 келіні бағындырған. Осылайша екі сайыстың қорытындысында 376 келі көтерген В.Кузнецов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал бас жүлде қытайлық, екінші орын беларустық спортшыға бұйырды.
Айта кетейік, осы әлем чемпионатының барысында қазақстандық спортшылар Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанло ел қоржынына екі бірдей алтын медальды салған болатын. Бір қызығы осы чемпионаттың алтын медальдары әзірге Қытай мен Қазақстан спортшыларына ғана бұйырып тұр.