Қазақстандық спортшылар Токиода өткен жасөспірімдер арасындағы Азиялық паралимпиадалық ойындарда 23 медаль жеңіп алды

АСТАНА.  Қыркүйектің  23-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар  қыркүйектің  8-і мен  15-і аралығында Токиода өткен жасөспірімдер арасындағы  Азиялық    паралимпиадалық ойындарға қатысты.

Қазақстан   құрамасы   онда   23 медаль    олжалады,  деп   хабарлайды Туризм және  спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Жастары 19-дан   аспаған аяқ-қолдары  істемейтін  және   зағип  спортшыларға арналған  ойын бағдарламасы спорттың 5 түрі бойынша - жеңіл атлетика,  жүзу,   үстел теннисі,    голбол,   бочче  және   арбадағылар арасындағы  үлкен  теннис  (көрсету жарысы) түрлері   бойынша  өтті.

 Ойындарға   Қазақстанның Қарағанды,  Маңғыстау  және  Алматы  облыстарынан,  сондай-ақ  Астана және  Алматы  қалаларынан  15  спортшы   қатысты.  Олардың  төртеуі - жеңіл атлетика, 11 спортшы   жүзу  бойынша  өнер  көрсетті.   Жарыстардың  қорытындысы  бойынша қазақстандықтар 7 алтын, 12 күміс,  4 қола медаль жеңіп алды.

 Ең  көп  медальды   жүзушілер жеңіп алды.   Үш  алтын медальды - маңғыстаулық Эллина Байделдинова (жаттықтырушысы   Барышева Л.)  еншілесе,     қарағандылық  Егор  Буженко   (жаттықтырушысы   Е.Ракитина)  екі алтын,   екі күміс   медаль жеңіп алды.    Александр  Рожно  мен  Руслан  Әбжікеновтар    награданың толық  жиынтығын    иеленді (екеуі  де - қарағандылық,   жаттықтырушылары Ракитина Е. мен Манохина Н.). Ал  құрамына  Ш.Читаев,   А.Оразбек,   С.Дәлиев,  Р.Әбжікеновтер  кірген      ерлер   командасы      4х100 метрлік    эстафетада    жеңіл атлетика бойынша күміс жүлде алды.

 Ойындарға  Азияның 26 елінен  1 мыңнан  астам спортшы  қатысты.  Ал Германия мен  Испаниядан келген   спортшылар    спорттың көрсетпе түрінде - арбадағылар арасындағы үлкен   теннистен  өнер көрсетті.