Британдық Колумбияның Уистлеріндегі Рейнбоу тауына жорыққа шыққан Метхат жолсеріктерінен қалып қойып, белгіленген уақытта қайтып оралмаған.
Канадада тұрған жігіттің жерлестерінің айтуынша, Метхат өз бетімен Колумбия университетінің білім грантына ие болған, SNC Lavalin компаниясында жұмыс істеген. Ол ұжымында беделді болған.
Қазір марқұмның денесін елге жеткізуге көмек көрсету мақсатында қаражат жиналып жатыр.