Қазақстан велосипед спортының федерациясы таратқан ақпаратқа сәйкес, 17 жастағы спортшы Алматыда өтіп жатқан IV Жастар спорттық ойындарында есінен танып құлаған.
Жедел жәрдем бригадасы Дананы №7 ауруханаға алып келген.
Бүгін ол есін жимастан қайтыс болды.
Дана Ахметова Солтүстік Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында білім алған.
Қазақстан Республикасының спорт шебері 2016 жылдан бастап Олимпиялық дайындық орталығының спортшылары тізіміне алынған.
«Дана Ахметова өте дарынды спортшы болатын. Жарыстарда жеңіске деген ұмтылысы ерекше еді. Маусым басталғалы бері Жастар ойындарының шосседегі сайысында - күміс, тректегі сайыста - 2 қола медалін иемденген болатын. Оның қазасы барлық велоқауымдастық мүшелері үшін ауыр қайғы болып отыр. Оның отбасына қайғырып көңіл айтамыз», - деді Қазақстан велосипед спортының Федерациясынан.