Қазақстандық теннисші Андрей Голубев St. Petersburg Open турниріне қатысады

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ.   Қыркүйектің  16-сы.  ҚазАқпарат /Елена  Мягкова/ -     St. Petersburg Open турнирінің  былтырғы    финалисі, Қазақстан  өкілі Андрей Голубев   петербор  турнирінің  ұйымдастырушыларынан   биыл  арнайы  шақыру алды.

15-ші St. Petersburg Open   турниріне   ресейлік  және  әлемге       танымал теннисшілер, атап  айтқанда Марат Сафин, Михаил Южный, Игорь Куницын, Игорь Андреев, Теймураз Габашвили  және  Евгений Королев  сынды спортшылар қатысады.

 Жасөспірімдер арасында «Уимблдон-2009"  турнирінің  жеңімпазы   болған 18 жасар Андрей  Кузнецов,  сондай-ақ  Виктор  Ханеску, Эрнест Гулбис және  Райнер Шуттлер  сынды  спортшылар   да турнирдің  ұйымдастырушыларынан арнайы шақыру алып отыр.

St. Petersburg Open турнирі    қазанның  25-і мен  қарашаның 1-і аралығында өтеді.