НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик бүгін жаңартылған ATP чемпиондық кестесінде 11-ден 10-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Чемпиондық кестеде әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович көш бастауда.
Кеше Майами мастерс турнирінің финалында 19 жастағы италиялық Янник Синнерді ұтқан Польша өкілі Хуберт Хуркач 18-ден бірден 5-орынға шықты.
Осы айтулы доданың ширек финалында А.Бубликті жеңген Я.Синнер 17-ден 7-сатыға көтерілді.
Чемпиондық кестеде үздік он теннисші мынадай ретпен орналасты.
1 (1). Новак Джокович (Сербия) — 2140.
2 (2). Даниил Медведев (Россия) — 2130.
3 (3). Андрей Рублёв (Россия) — 1800.
4 (4). Стефанос Циципас (Греция) — 1540.
5 (18). Хуберт Хуркач (Польша) — 1395.
6 (5). Аслан Карацев (Россия) — 1310.
7 (17). Янник Синнер (Италия) — 995.
8 (6). Александр Зверев (Германия) — 935.
9 (16). Роберто Баутиста-Агут (Испания) — 765.
10 (11). Александр Бублик (Қазақстан) — 630.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).