деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ширек финалда уругвайлық Пабло Куэвасты 4:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңген Михаил Кукушкин енді ресейлік Михаил Южныймен сайысқа түседі. Бұл сында мерейі үстем болса Михаил ақтық ойында украиналық Илья Марченко мен сербиялық Янко Типсаревич жұбының жеңімпазымен кездеседі.
И.Марченко бұған дейінгі сында алғашқы кезеңде қазақстандық Андрей Голубевты сүріндірген ресейлік Евгений Королевтан 0:6, 6:2 6:3 есебімен басым түскен еді. А. Голубев пен Е. Королев кеше жұптасып өнер көрсетуде үндістандық Рохан Бопанна мен сербиялық Янко Типсаревич жұбына 7:6, 7:5 есебімен есе жіберіп, ширек финалға шығу мүмкіндігінен айырылып қалды.