Қазақстандық теннисші Я.Шведова Tashkent Open чемпионатының ширек финалында ойнайды

ТАШКЕНТ.   Қыркүйектің 25-і.  ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ -  Жұма күні қыздар  арасындағы теннистен  Tashkent Open     ашық  чемпионатының  ширек финалдық   ойындары  өтеді.

 Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова  бүгін   румыниялық  Моника Никулескумен  кездеседі.  Бейсенбі  күні Я.Шведова     түркиялық  Иперк  Сеноглумен  жұптасып   ойнаған ойында   беларус  теннисшілері Ольга Говорцова мен  Татьяне Почектен    6-4, 4-6, 10-4 есебімен    жеңіліп қалды. 

 Қазақстандық  басқа спортшы  Галина Воскобоева  сәрсенбі күні  беларус  теннисшісі Дарья Кустовадан  жеңілді.   Қазақстандық    спортшы    жұптық  разрядта  да   мүлт кетіп, күрестен   шығып қалды.