Қазақстандық теннисші Ю.Щукин «Tashkent Challenger 2009» турнирінде жеке разрядта алғашқы жеңісіне жетті

ТАШКЕНТ.  Қазанның  14-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстандық   теннисші Юрий Щукин  сейсенбі күні «Tashkent Challenger 2009»   турнирінде жеке  разрядта   екінші айналымға шықты.

Ташкентте   жүлделік қоры 125 мың АҚШ долларын   құрайтын  «Tashkent Challenger 2009»   теннис  турнирі  өтіп жатқанын  ҚазАқпарат бұдан  бұрын хабарлаған болатын. 

Қазақстанның   теннистен ұлттық құрамасының мүшесі  Юрий Щукин кеше өзбекстандық  спортшы  Мурод  Иноятовты  6:4, 6:2 есебімен жеңді.   Қазақстандықтың жеке  разрядтағы  ендігі қарсыласы       Өзбекстанның атынан өнер көрсетуші  Денис Истомин болады.

Сәрсенбі күні Ю. Щукин   жұптық разрядтағы  екінші айналым матчын  ойнайды.