ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағандай, Ташкентте «Tashkent Challenger 2009» теннис турнирі басталды, оның жүлделік қоры 125 мың АҚШ доллары.
Теннистен Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі Юрий Щукин словакиялық Мартин Клизанмен жұптасып ойнап, ресей өкілдері Константин Кравчук пен Александр Кудрявцевті жеңді. Ал бүгін, сейсенбі күні Ю.Щукин өзбекстандық Мұрад Иноятовпен кездеседі.