Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Челленджер Rome сериясы турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Италияда өтіп жатқан Челленджер Rome сериясы турнирінің ширек финалына шықты,

деп хабарлады Қазақстан Теннис федерациясынан.

Екінші айналымда чехиялық теннисші Жири Ванекамен жолдары түйіскен қазақстандық Ю.Щукин қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Оның келесі қарсыласы аргентиналық Федерико Дель Бонис.