Қазақстандық теннисшілер «Кремль кубогы» халықаралық турнирінің ширек финалына жолдама алды

АЛМАТЫ. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Теннистен Мәскеуде өтіп жатқан «Кремль кубогы» халықаралық турниріне қатысып жатқан қазақстандықтар бүгін  жекелей және жұптасып өнер көрсетуден ширек финалдық ойындарын өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Алдымен  жекелей сында  1-ші кортта Михаил Кукушкин уругвайлық Пабло Куэваспен кездеседі. Одан кейін  2-ші кортта   Андрей Голубев ресейлік  Евгений Королевпен бірге үндістандық Рохан Бопанна мен сербиялық Янко Типсаревич жұбымен сайысқа түседі. Егер бұл сыннан сүрінбей өтсе, М.Кукушкин жартылай финалда украиналык Сергей Стаховский мен ресейлік Михаил Южный жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал  бірінші кезеңде А. Голубевты сүріндірген украиналық Илья Марченко енді ширек финалда Е, Королевпен сайысқа түседі. Жұптасып өнер көрсету кезінде Андрей мен Евгений қарсыластарынан басым түскен жағдайда жартылай финалда чехиялық Франтишек пен словакиялық Михал Мертиняк жұбымен жүлделі орындарға таласуға мүмкіндік алады.