Қазақстандық теннисшілер Шведова мен Каратанчева WTA Pattaya Open турнирінің жартылай финалына шықты - Таиланд

АСТАНА: Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Қазақстандық теннисшілерЯрослава Шведова мен Сесиль Каратанчева Таиланда өтіп жатқан WTA Pattaya Open турнирінің жартылай финалына шықты,

деп хабарлады сенбі күні Қазақстанның Теннис федерациясынан.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Я.Шведова ширек финалда 7:6, 6:1 есебімен германиялық Татьяна Малекті жеңді. Енді Ярослава жартылай финалда ресейлік Вера Звонаревамен кездеседі.

Ал С. Каратанчева ширек финалда 7:5, 4:6, 7:5 есебімен ресейлік Екатерина Бычкованы жеңіп отыр. Ол жартылай финалда таиландық Тамарин Танасугарнмен ойнайды.