«Басында Sanday Аirlines әуе компаниясы 5 тамызда Шарм-эш-Шейх - Алматы бағытында қатынайтын рейстің 12 сағатқа кешігетіндігін айтты. Сосын ұшақтың ұшуы 8 тамызға дейін шегерілетіндігін хабарлады. Осы кезең ішінде барлық қазақстандық туристер қонақ үйлерде болады», - деді EasyTravel туристік компанияның басшысы Нұралхан Бисенов.
Н.Бисенов қызмет көрсететін әуе компанияның басқа да рейстерінің кешігу жағдайын жоққа шығармады.
Бұған дейін Шарм-эш-Шейхте 245 қазақстандық турист ұша алмай отырғандығын хабарлаған болатынмыз.