Қазақстандық волейболшылар Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

АЛМАТЫ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан құрамасы кеше Иранда мәреге жеткен  жастар арасындағы Әлем чемпионатында отырып ойнайтын волейболдан (мүгедектер спорты) үшінші орын алды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Екі жылда бір өтетін бұл дүбірлі дода Мешхед қаласында  жалауын қарашаның 2-де көтерген  болатын. Оған 8 команда қатысты. Бір аптаға созылған жарыста алаң қожайындары Әлем чемпионы  болды. Ал  Ресей мен Қазақстан  құрамалар  күміс және қола жүлдегерлер атанды. Бұл - Нұралы Құлышов жаттықтыратын қазақстандық волейболшылар қатысып отырған екінші  Әлем чемпионаты.  Бұған дейін 2007 жылы Бразилияда өткен  додада олар   6-шы орынға табан тіреген еді.