деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Наурыздың 3-і күні жалауын көтерген бұл дүбірлі додада қазақстандықтар командалық бірінші орынды иеленді. Одан кейінгі орынды әрқайсысында 2 алтыннан бар Қытай, Үндістан, Иран құрамалары бөлісті. Қазақстандықтар сапынан команда қоржынына алтын медалді Нұрбол Қалжанов (54 кг), Еркін Дүйсенов (57 кг), Мейірім Нұрсұлтанов (64 кг) пен Асқар Күпеншеев (91 кг) салды. Ақтық сында Нұрбол моңғолиялық Хумбяр Тугцогты 1:0, Еркін үндістандық Венкат Гиддиді 9:1, Мейірім өзбекстандық Акромжон Мамаджоновты 4:2, Асқар ирандық Спалар Гхоламиді 4:3 есебімен ұтты. Бұл сында жарыс қожайындарынан Фархад Малаеге 4:3 есебімен ұтылған Дәулет Мұсабеков ( 91 кг) күміс жүлдегер атанды. Ал жартылай финалда қарсыластарына есе жіберген Аслан Есенов (60 кг) пен Сапарбай Айдаров (69 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.