Қазақстандық жас теннисші ITF Junior Tashkent халықаралық турнирінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Гөзәл Айнтидинова Өзбекстан астанасында мәреге жеткен ITF Junior Tashkent халықаралық жасөспірімдер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Ақтық сында қазақстандық спортшы ресейлік Камила Рахимовадан 6:4, 6:0 есебімен басым түскен.

Турнирдегі жеңісіне дейін 16 жасар Г. Айнтдинова турнирдің үшінші ракеткасы ресейлік Мария Солнышкинаны жеңген болатын.