АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов Таиланд астанасы Бангкокта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Иван Иванов ядро итеруден үздік үштікке ілікті.
Бұл сында үндістандық Сингх Тур Тажиндерпал ядросын 20.23 метрге итеріп, чемпион атанса, ирандық Сабери Мехди (19.98) күміс жүлдеге қол созды.
Иванов 19.87 метр нәтижемен қола медальді жеңіп алды.
Бұл – Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.
Осыған дейін Шедрак Коеч Кимутай 10 мың метрге жүгіруден мәре сызығын екінші болып қиды.
Ал биіктікке секіруден Кристина Овчинникова бірінші, Елизавета Матвеева екінші орынға көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Кристина Овчинникованың жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).