Бұл Саяси шешімдер институтының республиканың 16 қаласында жүргізген әлеуметтік сауалнамасы барысында анықталды. Өз пікрін білдірген 2307 адамның 61,2 пайызы В. Путиннің қайта сайлануын және оның саяси бағытын оң бағалайды. 30,9 пайызы шет мемлекет ретінде ондағы үдерістерге немқұрайлы көзқарас ұстануда. Ал 1,1 пайызы көрші елдегі ахуал туралы қандай да бір пікір айтуға қиналатынын жеткізді.
13:34, 19 Маусым 2012
Қазақстандықтар арасында Ресей Президентінің саяси ұстанымына қатысты сауалнама жүргізілді
АЛМАТЫ. 19 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың 6,8 пайызы Ресей Президенті Владимир Путиннің саяси бағытының тиімділігі төмен деп санайды.