Осыға байланысты біз астраном, физика-математикалық ғылымдарының докторы, профессор Виктор Тейфельмен хабарласқан болатынбыз.
«Бұл бір ерекше құбылыс емес. Мәселе Ай Жерді айналғанда орбитаны айналып емес, эллиптика бойынша өтеді. Сондықтан, орбитаның бір бөлігінде Жерден алыстап, қарсы бетінде барынша Жерге жақындайды. Бұл ай сайын қайталанады. Ай ғана жерді айналмайды, Жер де Күнді айналатыны белгілі. Барынша жақын және барынша алыс келуі Айдың әртүрлі фазасында ай сайын қайталанып отырады. Кейде жақын қашықтық ай толғанға сәйкес келеді. Сол кезде ай тұтылуы туралы айтыла бастайды. Міне, 14 қараша күнгі оқиға осындай сәтке сәйкес келіп отыр. Ай барынша алыстағанда оның бұрыштағы көлемі 29 минутты құрайды, ал барынша жақындаған кезде оның диаметрі 34 минтуқа дейін жетеді. Қарапайым адам одан айтарлықтай ерекшелікті байқамайды. Өйткені, Күн сәл ғана жарық, сәл ғана үлкенірек болады», - деді ғалым.
Айта кетейік, сарапшылар тарапынан желілерде мұндай табиғи құбылыс 18 жылда бір келетіні буралы болжамдар айтылған.