Қазақстандықтар ел экономикасының тиімді өсетініне сенімді бола алады - ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Е.Дүйсенбаев

АҚТӨБЕ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы тағы бір шындықты қуаттады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың мүддесін, дәлірек айтқанда азаматтардың әлеуметтік қорғалу, өскелең ұрпаққа қамқор болу мәселесін бірінші орынға қоятынын көрсетті. Қазақстанды халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қуатты әлеуметтік жаңару үдерісі күтіп тұр, деп санайды Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе филармониясының директоры, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Есенгелді Дүйсенбаев.

«Бюджет қызметкерлері жалақысының көтерілетіні туралы жаңалық мені қуантып тастады. 2010 жылы жалақы көтерілген кезде, мен қызметкерлеріме, әртістің табысы оны еңбегіне лайықты деңгейге жақындап келеді деген болатынмын. Мен қуантқан тағы бір жайт, біз, филармония қызметкерлері, сол жылға концерттерге, гастрольдер мен фестивальге сұраған қаражаттың бәрін ала алдық. Бұл, мәдениетке аударылып отырған назарды, экономиканың тұрақтылығын ғана емес, «тек рухани дамыған адамның ғана еңбек ететінін» өкіметтің түсінетінін көрсетеді», дейді филармония директоры.

Е.Дүйсенбаев мырза сондай-ақ қазақстандықтар ел экономикасының дамитындығына және өз әл-ауқаттарының өсетіндігіне сене алады, себебі Елбасы Н.Назарбаев сөздің адамы, деп атап көрсетті.