Қазақстандықтар Грузияда демалуға неге құмар

БАТУМИ. ҚазАқпарат - Грузияның ең тартымды аймақтарының бірі Аджария - кеудені кере дем берер, маржаны жарқыраған теңізі бар, даласын гүл көмкерген көркем өлке. Жыл сайын дәл осы Аджарияға он мың қазақстандық турист келеді. Жергілікті биліктің хабарлауынша, бауырлас елден көптеп турист тарту үшін бұл жерде қонақ күту шеберлігі жыл сайын шыңдала түседі екен. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Батумиге барып, грузиндік «інжу-маржандар» өлкесі қазақстандықтарды несімен тартатынын анықтап көрді.



Қонақжайлық

Батумиге жол түсер алдында ең алдымен аңызға айналған грузиндік қонақжайлықтың қандай болатынын білгім келді. Ел ішінде көп айтылатын осынау пайымның еспе сөзден еш айырмашылығы жоқ шығар деген ойда едім. Ал шынтуайтында әрбір грузин анадан туғанда осы қасиетті бойына сіңіреді екен-мыс. Айтпақшы, қонақжайлықтың лебі біз автобусқа отырғаннан-ақ сезілді. Тбилиси әуежайынан бізді күтіп алған автобуста бір қызығы Ерке Есмаханның «Қайда» әні қосулы тұрды. Елден жырақ кетіп, отандық әуеннің «толқынына» қайта түсу көңілге әлбетте қуаныш ұялатады екен. Қысқасы, өз еліңде жүргендей әсер қалдырады. Автобустағы қарсы алушылардың айтуынша, бұл әуендер туристердің ыңғайы үшін арнайы қосылып тұрады.

Иракли Барамидзе

«Бізде қалай екенін білесіздер ме? Егер сіз менің үйімнің табалдырығынан аттасаңыз, мен сіз үшін және сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз үшін жауапты боламын. Яғни, мен қиналып қалсам да, сіздің көңіл-қошыңызға кірбің түспеуін мен қадағалауым керек. Мен әрдайым «Сіз тамақтандыңыз ба?» деп сұрап отырамын. Егер жоқ десеңіз, себебін сұраймын. Біздің Аджарияда 300 мың адам тұрады. Біздің қалаға келген туристердің бәрі де біздің қонақтар. Менің досымның, туысымның немесе көршімнің қонағы - менің де қонағым», - дейді Аджарияның курорттары мен туризм департаментінің қоғаммен байланыс және PR бөлімінің аға маманы Иракли Барамидзе.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аджариялық билік Түриядан бастап, Ресей, Қазақстан бар - жиыны 16 елден белсенді түрде туристерді тарту жұмысын жандандыра түскен.

«Қазақстаннан біздің елге 2015 жылы 4217 адам турист болып келді. 2016 жылы бұл көрсеткіш біршама өсіп, 10738 адамға жетті. 2017 жылы 10229 адам мейман болды. 2018 жылдың басынан сәуір айына дейін біз 999 қазақстандық туристі күтіп алдық. Бұл санның белсенді түрде демесем де, айтарлықтай өсіп келе жатқанын атап өткім келеді. Біз тек Астана мен Алматыдан ғана емес, Қазақстанның өзге де аймақтарынан туристердің келгенін қалаймыз», - дейді ол.

Иракли Барамидзе өзара тиімді туристік қарым-қатынас тұрғысында жақын мәдени байланыс мен ортақ тарих маңызды рөл атқарады деп есептейді.

«Грузиндер мен қазақтар бұрыннан бері достық қарым-қатынаста. Біздің кейін осы достықтың жібі үзіле қоймас. Грузиндер үшін мейманның патша көңілінің орыны бөлек. Егер мейман жас болып қалса, бұл күтіп алушыға берілген жақсы баға. Демек, ол қонағын лайықты қарсы алған. Келесі күні күтіп алушы өзі арнайы келіп, басы мең-зең мейманын өзі емдеп жазып алады», - дейді ол.

Грузин дастарханы

Грузинде дастархан жаю деген өте маңызды да жіті бақыланатын дәстүр. Ол -«Супра» (аудармасы үстел) деп аталады. Супра бойынша ең дәмді тағамдар әзірленіп, қонақтың алдына кесе-көлденең тартылады. Бұның қызықты дәстүр болғаны соншалық, ол ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени құндылықтары тізіміне енген.

Дастархан басында біздікіндей көңіліңізді «асаба» көтереді. Дәстүр бойынша сөзге шешен асаба мейманды мәз-мейрам етуі керек. Үстел басында тілек айту үрдісі әлемдегі біршама елдердің салтында бары шындық. Бірақ, грузиндер асаба феномені біздің елде ерекше деп білетін көрінеді.

Аджариялық дастарханда сүт тағамдарына баса маңыз беріледі. Грузиндер жеміс-жидекті, ет және балықты жақсы көреді. Жергілікті дастарханды аржариялық хачапурисіз елестете алмайсыз. Аңыз бойынша, күн мен теңізді аджариялықтар секілді бір арнаға ешкім де түйістірмеген: Қара теңіздің жағасында тұрғандар қалыбы қайыққа ұқсас тамақты әзірлеп, оның ішіне теңізге құлап бара жатқан күн іспеттес тағамды дайындаған. Жалпы, хачапуридің түр-түрі бар. Оны Грузиямен бірге, Италия да көптеп пісіреді.

Міне, солардың бірнеше түрі. Хинкали - грузиндік тау мәдениетінің ажырамас бір бөлігі. Бұл - тартылған ет мен бульон арқылы ұнмен әзірленген тағам.

Кәуап та - грузиндік үстелдің бір бөлігі. Шампурға қадалған кесек-кесек еттер қып-қызыл көмірге қызара пісіріледі.

Батумидегі тамақтану қалтаңызды қақпайды. Мәселен, минералды судың литрі 1 лариге тең (140 теңгедей). Шеттен келген турист бір стақан шараппен 20 лариге тойып тұрып тамақтана алады. Мейрамханалардың иесі тамақтанып отырған кезіңізде қосымша бір стақан шарап құйып жатқанын жиі кездестіруге болады.

Шарап ашыту

Грузия - ежелден шарап өндіруге ден қойған мемлекет. Бұған 7 мың жыл бұрынғы жүзім дәнектерінің табылғаны дәлел бола алады. Жүзім түрлерінің әралуандығы тұрғысында Грузиямен тек Франция ғана иық тірестіре алады. Екі елде де жүзімнің 400-ге тарта түрі өсіріледі.

«Мен жүзімнің 20-ға тарта түрін өсіремін. Дәстүрлі әдіспен тек үй шарабын ғана дайындаймын. Біз грузиндер жаңа ашытылған шарапты өте жақсы көреміз. Ал егер шарапты ұзақ уақыт бойы сақтау қолаң көрсеңіз, оның құрамына күкіртті қосуыңыз керек. Ол шарап құрамындағы оттегіні ажыратып алады. Осыдан кейін шарабыңызды 100 жылға дейін сақтауға болады. Бір сөзбен химия. Ар грузиндер химиняы аса жақтыра бермейді. Біз тек «тірі» әрі жас шарапты ғана ішеміз», - дейді жүзім плантациясының қожайыны Нодар Шервашидзе.

Шервашидзенің отбасылық шарап толы қоймасы Кеда муниципалитетінің көркем жерінде орналасқан. Оған қарап тұрып, «Сақиналар иесі» фильміндегі Хоббитон көз алдыңызға елестейді.

Жалпы, бұл иеліктің өзі де туристік нүктелердің бірі саналады. Жергілікті шарап ашытушылар секілід шарап өндіру шаруашылығының иесі жергілікті билікпен, туристік агенттіктермен етене араласады. Бұл жерде Шервашидзе жергілікті шараптан дәм таттырып, жүзім жинау жұмысын атқарып көруге, шарапты өндіру үрдісіне шақырады. Меймандардың аяғын жерге тигізбей күтіп алатын грузиндер қонақтарына экологиялық таза өнімдерді ғана ұсынады.

Шипажайдағы демалыс

Аджария өте тығыз қала. Бұл жерде демалыс маусымдық ғана болғанымен, жергілікті билік бұл үрдісті бұзып, туристер жыл сайын келетіндей жағдай жасап жатыр. Бір қызығы, бұл жерде таулар мен теңіздің аралығында сіз екі жарым сағат қана жол жүресіз. Үш мың метр биіктіктегі тауда жергілікті билік шаңғы тебу шипажайының құрылысын жүргізуде. Қазірдің өзінде әртүрлі бағытта бірнеше тас жол салынып та қойған. Келесі жылы ол жерде әлемдік деңгейдегі 6 отель бой көтермек.

«Менің ойымша, бұрынғы амалмен «бір ішінде» әдісімен жұмыс жүргізетін отелдердің шекесі қызып тұрған жоқ. Сіз ол отелдерде ешқашан ұлттық айшықты байқамауыңыз мүмкін. Сіз жабулы жерде бассейнге түсіп, сол жерде ұйықтайсыз. Ал содан кейін не істейсіз? Одан да теңізге бір шомылып, тауға тартқан жақсы емес пе!? Егер сіз мұнда сәуір айында келсеңіз, мен сізді теңізге түсіріп, одан кейін шаңғы тебуге болатын тауға алып барамын. Сіз мұндай бірегей орынды кездестірдіңіз бе? Қандай мемлекет тек шыршадан тұратын теңіз (жағасы) бен тауды сізге көрсете алады?», - деп күледі Иракли Барамидзе.

Жалпы, Батумидің маңайындағы аудан - бұл тек шарабы тәтті әрі дастарханы мол аймақ қана емес. Бұл жерде көркіне көз тоярлық орындар жетіп артылады. Мәселен, онда жолыңыз түссе міндетті түрде Махунцети сарқырамасын көруіңізге болады. Сарқырама суы өте тұнық әрі таза. Бұл жерге кез келген турист келіп, оның маңындағы мейрамханадан тамақтана алады.

Тамара патшайымның көпірі сарқыраманың жанында орналасқан. Тоғыз ғасыр бойы бұл құрылым бұзылып қалмай сақталып тұр. Бүкіл Аджарияда дәл осындай 25 көпір барын атап өту керек.

Батуми қаласының өзінде бірнеше қызықты әрі бірегей нүктелер бар. Мысалы, чачамен бірге ойнайтын субұрқақ - туристердің ең көп келетін орыны. Бұл жерде аптасына бір рет 15 минут бойы субұрқақтан грузиндік арақ -«чача» тегін ағып тұрады.

Али мен Ниноның мүсіні барлық конверттер мен өзге де естелік сыйлықтардың сыртында бар. Бұл махаббаттарының арасында көптеген кедергілері бар ер мен әйелдің тарихы.

Қаланың ең есте қаларлық орынының бірі- жағажай. Оның бәрі де жарақтандырылған. Сонымен бірге, қаланың дәл ортасында Батуми-Бич орналасқан.