деп хабарлайды «Халықтық IPO» бағдарламасының ресми сайты.
www.halyk-ipo.kz порталының брокерлер арасында жүргізген сауалнамасының нәтижесі көрсеткеніндей, инвесторлар бағдарламаның екінші қатысушысы - «KEGOC» АҚ акцияларының орналастырылуын күтіп жүр.
«Біздің клиенттеріміздің көпшілігі «KEGOC» IPO-сына 2013 жылдың көктемінде қатысамыз деп ойлады, енді эмитент жаңалығын тағатсыздана күтіп жүр. «ҚазТрансОйл» АҚ акциясының табысты орналастырылғанын ескеріп, инвесторлар осындай сенімді компанияларға инвестиция салғысы келетінін айтуға болады. Біздің клиенттер ҚТО акциялары бағасының өсімінен де, дивидендтен де пайда тапты», - дейді «Асыл-Инвест» АҚ Бизнесті дамыту департаментінің директоры Динара Асамбаева.
Ол «Асыл-Инвест» клиенттерінің жалпы алғанда бағалы қағаздар нарығына қызығушылығы артқанына назар аударды. «Көпшілігі қазақстандық компанияларға тек қызметтер мен жұмыс берушілерді ұсынушылар ретінде ғана емес, сондай-ақ инвестор, яғни табысты еселей алатын өндірушілер ретінде қарай бастады», - дейді Д.Асамбаева.
«БТА Секьюритис» Инвестиция тарту бөлімінің басшысы Максим Толмачевтың сөзіне қарағанда, көптеген клиенттер «Халықтық IPO-ның келесі кезеңіне қатысуға дайын екенін білдіруде және компанияға хабарласып, хат жазуда. Сонымен қатар қатысқысы келетіндердің көпшілігі өңірлерден. «Халықта басы артық қаражат бар. Көптеген инвесторлар күзді межеге алып, келесі IPO-ны тағатсыздана күтіп жүр», - дейді М.Толмачев.
«Seven Rivers Capital» АҚ Инвестиция департаментінің жетекші инвестициялық консультанты Сәкен Өсер «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысушы компаниялардың акцияларына шетелдік инвесторлардың да қызығушылығы артып отырғанын айтады.
Естеріңізге сала кетсек, бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылуына тек Қазақстан азаматтары ғана қатыса алады, алайда «Халықтық IPO» эмитент-компанияларының акцияларын екінші нарықта ниет білдіргендердің бәрі сатып ала алады. Сарапшының пікірінше, KASE-те екі жаңа эмитенттің пайда болуы («KEGOC» және «Самұрық-Энерго») акционерлік капиталды тартуға арналған алаң ретінде биржаны барынша қызықты жасай алмайды. «Біз мемлекеттік стратегиялық нысандарды жекешелендіруге тыйым салынғанына қатысты құқықтық мәселелер шешіледі және «KEGOC» IPO-сы жүзеге асады деп ойлаймыз. «KEGOC-тың» еркін айналымдағы акцияларының ең жоғары топтамасы шамамен 15% болады деп ойлаймын», дейді С.Өсер.