«Қазақстан қор биржасы - жүйені белгілейтін институт. Қаржы секторының барлық процесі біз арқылы өтеді. Сондықтан біз клиенттеріміздің сеніміне кіреміз. Олар біздің институционалдық инвесторларымыз. Оның қатарында банктер, брокерлер де бар», - деді Алина Алдамберген елордада өткен KASE DAY шара барысында.
Оның айтуынша, соңғы үш жылда жеке тұлғалардың қор нарығына жиі қатысуы трендке айналды.
«Қазір орталық депозиттерде немесе банк қосымшалар арқылы ашылған шоттардың жалпы саны шамамен 1 млн. KASE негізінен ірі компания және банктермен жұмыс істейді. Ал банктер жеке тұлғаларды тартады», - дейді KASE басшысы.
Бұған дейін Қазақстан қор биржасының басшысы Яндекс акцияларының тізімнен шығару себебін түсіндірген еді.