АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың тек 5-10 пайызы ғана несиеге пәтер алуға қауқарлы. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
Банк төрағасының атап өтуінше, бүгінгі таңда елімізде пәтер алуға банктер беретін несиенің пайыздық ставкасы тым жоғары. Олай болуы да тиіс. Өйткені, бұл қаржы қызметінің халықтың төлем қабілеті жоғары тобына, яғни байларына арналған сегмент.
«Міне осыларға несие беріледі. Өйткені олар төлем қабілетті. Несиеге тұрғын үйді қазақстандықтардың тек қана 5-10 пайызы ғана ала алады», - деді Қ.Келімбетов.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.