«Қазақстанның 14 облысында, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларында азаматтарға сауалнама түрінде жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға жауап берушілердің 44% бос ақшаны үйде сақтайды; 38% жеке/жанұя бюджетінің шығыстары мен кірістері есебін жүргізбейді; сұралғандардың 43% банктік депозиттерді сақтандыру туралы білмейді және 6% ғана сақтандырудың ең жоғарғы сомасын атай алады; 63% еңбекақыға дейін ақшаны тұрақты жұмсап бітіреді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ хабарламада халықтың қаржылық сауаттылығының төмен деңгейі қаржы секторының дамуына кедергі келтіретіні атап өтілген. Ал оның дамуы елдің жалпы экономикалық өсімімен тікелей байланысты.